150-дей сүт зауыты жабылуы мүмкін

0
893

Қазақстан сүт одағы Оңтүстік аймағының өкілі Дінмұхаммед Айсауытов: «Келесі жылдан бастап сүт бағасы қымбаттап, тапшылық сезілуі мүмкін, өйткені сүт өнімдерін шығаратын зауыттардың көбі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық талабына сай емес. 2020 жылы күшіне енетін ереже бойынша ағарғанның сапасы мен құрамы жіті тексеріледі. Ал отандық кәсіпорындар әлі күнге дейін сүтті ауылдардағы кішігірім шаруа қожалықтарынан алып жүр. Мұндай шикізат сол техникалық талапқа мүлдем сай емес. Елімізде сүт өнімдерін шығаратын 150-ге жуық зауыт бар. Келесі жылдан бастап Кеден одағының техникалық талабы күшіне енсе, қыз-қыз қайнаған кәсіпорындардың жұмысы тұралауы мүмкін. Бұл өз кезегінде сүттің жетіспеушілігіне әкеп соғады. Сүт одағының өкілдері отандық зауыттар шикізатқа зәру болса, нарықты көрші елдердің өнімдері жаулайды деп қауіптенеді. Оған қоса сүт өнімдерінің бағасы шарықтап шыға келуі де ғажап емес.

Ермек Сахариев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.