2020 жыл – Еріктілер жылы. Олар кімдер?

0
127

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады.
Ерікті (волонтер) – латынның «voluntarius» сөзінен шыққан, адамның өз еркімен, өзінің есебі арқылы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы деген сөз. Тағы бір мағынасы өзінің қалауымен әскерге барушы адам.
Ал қоғамда олардың орны ерекше. Өйткені еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілік талап етпейді. Олар көмектесуді парыз деп санайды. Бір сөзбен айтқан кезде «еріктілер» адамгершіліктің ақ туын көтерген қоғамдағы белсенді топ. Еріктілер ең алғаш Италия, Франция және Англиядағы әскери ұйымдар сапында болған.
Еріктілер жалғыз өзі және топ болып жұмыс істейді. Ол өз еріктерінде. Олардың негізгі айналысатын жұмыстары жетімдерге, мүгедектерге немесе қарттар үйіне барып оларға қолдарынан келгенше көмек көрсету. Ал олардың белгілі бір тобы мереке кезінде қоғамға мемлекет мүддесі үшін өз еріктерімен көмекке келуі де «ерікті» әрекеті саналады. Қазақ тілінің сөздігіне бір үңілсеңіз, «ерікті» деген сөзге синоним болатын, балама ретінде «асар» сөзін алуға болады. Асар – ауыл-аймақ, көрші-қолаң болып белгілі бір мұқтаж жанға қолдарынан келгенше тегін көмек көрсету. «Асар» сөзі тіпті белгілі бір дәстүрге де айналып кетті. Сондықтан «ерікті» сөзін кейін пайда болған немесе жаңа заманның термині деп қабылдаудың қажеті жоқ. Өйткені қазақ халқында бұл сөздің түбірі баяғыдан бар. Қысқы Универсиада ойындарында халықаралық мерекеге алыс-жақын шетелден келген және еліміздегі еріктілерді қосқанда жалпы үш мыңға жуық адам көмек қолын созған. Ерікті болу арқылы сіз үлкен тәжірибе жинақтайсыз. Әсіресе еріктілердің аудармашы ретінде қатысулары үлкен пайда. Ол еріктінің тілді еркін меңгеріп кетуіне, жұмысты үйренуіне септігін тигізеді. Ортамен тез тіл табысуды меңгеріп, адамгершілігі мол таныстар, достар табасыз. Кей еріктілердің жұмысына қарай, олардың белсендігі үшін белгілі бір көлемде ақша төленбесе де, оларға сыйлық ретінде киімдер, кітаптар, түрлі заттар берілуі мүмкін. Қоғамда қандай жұмыстар жасалмасын, қандай іс-шаралар өткізілмесін, оларды ұйымдастырушы, жүзеге асырушы қарапайым ғана адамдар. Бірінші кезекте, қоршаған орта мен қоғамға жаңа игі өзгерістер әкелуді қалайтындар, өздерінің сол ортаның мүшесі екендігін сезіне отырып жақсылық жасаушылар. Сонымен қатар жасаған жақсылығы мен атқарған жұмысы үшін ақы сұрамайтын жандар. Осылардың барлығын бір арнаға тоғыстырсақ қазіргі күні «Ерікті» немесе «Волонтер» деп аталатын мамандық иесі, қоғам мүшелеріне лайықты аттың иелерін көреміз. Ерікті қызметі – дегеніміз, мұқтаж адамдарға риясыз, ешбіреудің мәжбүрлеуінсіз шын көңілден көмек көрсету, қалтқысыз қолдау көрсетуге бағытталған адам қызметінің ерекше үлгісі. Мұндай ұйымдар әлемнің көптеген елдерінде өздерінің жұмыстарын жасап келеді. «Ерікті» (ағылшын тілінен аударғанда volunteer – өз қалауымен жұмыс істеуші) – мұқтаж адамдардың немесе жалпы қоғамның мүддесінде тегін, ерікті түрде еңбек ететін адам.
Еріктілердің халықаралық белгісі – қызыл V әрпі.
«Ерікті» немесе «өз қалауымен жұмыс істеуші» терминдері Қазақстанда алғашқы ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) қалыптаса бастаған кезден бастап кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан Республикасында 2016 жылдың 30 желтоқсанынан бастап «» еріктілер заңы қабылданып, қолданылып келеді. Осы Заң волонтерлік қызметтің құқықтық негіздерін, мақсаттары мен міндеттерін, қағидаларын, нысандары мен түрлерін, сондай-ақ оны қолдау шараларын белгілейді. Еріктілер жұмысы адамзаттың әлемге, еркіндікке, қауіпсіздікке, әділдікке және барлық адамдарға көмек көрсетуге деген мәртебелі қасиеттерін дамытады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.