Бұл жайында “Еуразия” бірінші арнасының бас директоры Сергей Киселев мәлім етті. «Не үшін тоқтатылуы керек?» деп, өзімізден сұрады. Естеріңізге сала кетейік, атышулы бағдарлама жайлы айтыскер Айнұр Тұрсынбаева өзінің instagram-парақшасында «Қалаулым» бағдарламасы 2018 жылдың 25 сәуіріне дейін жабылатын болды. Осылай деп «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесі ҚР Ақпарат және телекоммуникациялар министрлігіне ұсыныс жасады»,─ деп сүйінші сұраған болатын. Бұған қатысты Сергей Киселев: «Партия рейтингісі жоғары бағдарламамен айналысады деп ойламаймын, партияның басқа да маңызды жұмыстары жетеді»,─ деп жауап берді. Осыған қарағанда, «Қалаулым» бағдарламасы 25 сәуірден кейін де тоқтатылмайтын секілді.
qazdauiri.kz