Парламенттің Жоғары палатасы Қазақстанның кей заң актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады. Сенат отырысында құжаттың ерекше тұстарына тоқталған ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев: «Аталған заң жобасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке сату және шетелдіктерге жалға беру туралы енгізілген мораторий шеңберін кеңейту қарастырылып отыр, онда 1 пайыз болса да шетелдік үлесі бар қазақстандық заңды тұрлғаларға жер берілмейтін болады. Және ауыл шаруалшылығы жерлерін тек қана қазақстандықтарға жалға беру иниститутын жетілдіруді көздейді.  Жекенің қолындағы жайылым жерлерді мемлекетке қайтару үшін 180 млрд теңге, ал тұрғын үй салуға қажет телімдер үшін 1 млрд теңгедей қаржы керек. Елді мекендердің маңындағы жекеменшік  жерлер мемлекет мұқтаждығы үшін кері қайтарылмақ. Бүгінде шаруаларға қосымша 27 млн гектардай жайылым қажет. Ал, тұрғын үй құрылысына ауылдардың маңынан 173 мың гектар жер керек»,— деген ақпарды алға тартты. .  Ал депутаттар Ауылдағы қарапайым шаруалардың жер учаскелерін рәсімдеуде кедергілерге тап болып отырғанын айтқан ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов: «Оларға министрлік тарапынан қолдау болса деймін. Жер учаскесін бөлу туралы әкімдіктің қаулысы барына қарамастан, оны әрі қарай рәсімдеу мемлекеттік актісін алу қазір тоқтап қалған, түсініксіз жағдай қалыптасып тұр. Осы мәселе бойынша қалай шешімін табуға болады?»— деп сұрақ қойды. Бұған министр Ө.Шөкеев: «Ауыл шаруашылығы жерлерін беру жөнінде тізім жасалып, комиссияда қаралып, ашық жариялы түрде әрі учаскені қарау керек деп ойлаймын. Бұл саяси сезімтал мәселе. Сондықтан енді осы заңның шеңберінде жұмыс істеу керек»,— деп жауап берді.

Ермек Назым

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз