Бүгінгі таңда жемқорлықпен күрес мәселесі қоғамды бей-жай қалдырып отырған жоқ. Зиялы қауым өкілдері, елімізге белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, билік басындағылар өздерінің ой-пікірлерін айтып, бұл індетпен ел болып, халық болып күресуге үндеп келеді. Бірақ бұл ой-пікірлер жемқорлықтың тамырына балта шаппасы анық.

Сыбайлас жемқорлық кез келген дамушы мемлекеттің әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Сондай-ақ, қоғамда демократиялық оң өзгерістердің жүзеге асуын тежеп, елдің халықаралық беделіне айтарлықтай нұқсан келтіреді. Мұның барлығы сол елдің азаматтарының билікке деген сенімін әлсіретеді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болғандықтан, Елбасы Н.Ә.Назарбаев ылғи да өзінің жыл сайынғы Жолдауларында, стратегиялық бағдарламаларында жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі бағыттарын көрсетіп, айтып келеді.

Жалпылай алғанда, жемқорлықпен күресте төмендегі негізгі міндеттерді басты назарға алған дұрыс деп есептейміз:

– бірінші, сыбайлас жемқорлықтың туындауына себеп болатын шарттарды жою;

– екінші, мемлекеттік ресурстарды бөлуді бақылауды күшейту;

– үшінші, мемлекеттік қызметтің әртүрлі салаларында сыбайлас жемқорлықтың орын алу деңгейін анықтау кезінде халықаралық рейтингтер жүйесін пайдалану;

– төртіншіден, билік құрылымдарының ашықтығын көрсету қажет.

Қазақстан – көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен асулар мен ауқымды мақсат-міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Дүниеге құнықпай, көлденең келер табысты тәуір көрмей, атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн.себебі, мұндай заң бұзушылыққа барғандар қатаң жазаға тартылатынын қаперде ұстаса дейміз. Сыбайластықтың сыры түптің түбінде ашыларын біліңіз… 

«Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің» РММ директоры Тасқын Нұрбайұлы Тойбаев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.