Америкалық әскери контингенттің Сириядан шығарылуының салдары туралы айта отырып, ең алдымен түрік армиясымен күресуге тура келетін курд отрядтарының қиын жағдайына көңіл бөлген жөн. Бұрындары Анкара іс-әрекеттерін америкалық әскерилермен келісіп жүргізетін аудандарда күрдтік өзін-өзі қорғау халықтық отрядына (YPG шабуыл жасауға бара бермейтін. АҚШ әскерилері кеткеннен кейін күрд-түрік шиеленісі одан әрі ушығып кетуі ғажап емес. Жақында белгілі болғанындай, түріктік DHA агенттігі Түркияның Килис провинциясына әскери техникалар мен шекаралық аймаққа арнайы қызмет бөлімдерін шоғырландыра бастағанын мәлімдеді. Бронды техниканың біраз бөлігі Сирия территориясындағы 2016 жылы іске асырылған «Евфрат қалқаны» («Шит Евфрата») операциясы қорытындысы бойынша түрік әскерилерінің бақылауына өткен аудандарға жеткізілген көрінеді. Анкараның Сириядағы YPG отрядтарына шабуыл бастауға дайындалып жатқанын Түркия президенті Реджеп Эрдоган өткен жылдың желтоқсан айының орта шешінде-ақ ашық айтқан болатын. Стамбулда өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының жоғары сот өкілдері конференциясында сөйлеген сөзінде Реджеп: «АҚШ бізге Манбиджадан лаңкестік топтарды шығарамыз деп уәде еткен, бірақ, әлі күнге дейін шығарған жоқ. Сонда біз оларға ашық түрде: «Егер сендер мұндай іске абрмасаңдар, онда  Манбидж басып кіріп, бәрін өзіміз тындырамыз дедік»,— деп мәлімдеген. Ал Манбидж сонау 2016 жылдың өзінде қаладан ИМ жасақтарын қуып шыққан күрд отрядтарының бақылауына өткен-ді. Күрдтерге бағынатын территория Түркия шекарасына тым тақау жерде болғандықтан, бұл ресми Анкараны шынымен-ақ қартты мазасыздандырған сыңайлы. Өйткені, Анкара YPG-ні лаңкестік ұйым деп санайды.
Өткенге көз салсақ, Түркия билігі Вашингтонға күрдтерге қолдау көрсетпеуді талап етіп, талай рет өтініш айтқан, бірақ одан нәтиже болмаған, өйткені, соңғы уақытқа дейін американдық командование САР-дағы басты әскери тірек нақ осы күрд сарбаздары деп санап келген. Түркия әскери күштерінің Манбиджды басып алуға жасаған қадамының бәріне АҚШ тосқауыл қойған-ды. Бірақ, биылғы жылы екі жақ аталған ауданнан YPG күштерін шығаруға уағдаласып, қараша айыныан бастап қаланы бірлесіп бақылауға кіріскен. Қазір Түркия жағы Евфрат өзенінің шығысына таман шабуылға көшуді жоспарлап отыр. Е.Реджеп сол арқылы аталған аудандарда «түбегейлі тыныштық» орнатуды көздейді. Жаңағы аты аталған жерде сириялық Ракка қаласы орналасқан. Қаланы «Ислам мемлекеті» содырларынан азат еткеннен кейін аймақтағы жағдай әлі де шиеленісті күйінде қалып отыр, себебі, Ракканы бақылауында ұстап отырған күрд отрядтары жергілікті араб тұрғындармен жиі шекісіп қала береді. Ал, Түркияға қазір күрдтермен ғана емес, ИМ қалдықтарымен де күресуге тура келеді. Трамптың САР-дан АҚШ әскерін әкету туралы шешім қабылдауы да осыны ескеруден туындаған сынды. Себебі, Трамп лаңкестермен күресті түрік жағының жалғастыра беретініне бек сенімді. Бұл келісімге Трамп Ердоғанмен телефонмен сөйлесу кезінде келген болатын. Дегенмен шығыстанушы, доцент Сергей Демиденко: «Күрд оппозициясы САР территориясының тең жартысын бақылауында ұстап отыр. Сондықтан Түркия жағы әңгімені лаңкестікке қарсы операция емес, ауқымды көлемде жүруі тиіс соғыс жайлы болып отырғанын түсінуі керек. Анкара өте қауіпті ойын ойнап отыр. Себебі, кез келген этникалық-діни шиеленістегі сияқты, соғыс бола қалса, шиеленістің ми батпағына оп-оңай батып қалуға болады. Әлбетте, күрдтер де өздеріне сырттан қолдау іздері анық, мұнымен қатар өздерін-өздері қорғауға, көзқарастарын сақтап қалуға шамалары жететін зор күш екенін де ұмытпаған абзал»,— дейді. АҚШ қолдауынан қол үзіп қалған күрдтер жаңа одақтасты Франциядан табуға тырысып бақты. Мәскеуде сириялық күрдтер өкілі Ршад Биенаф РИА Новостиға берген сұхбатында былай деді: «Күрдтер жағы сириялық күрдтермен келіссөздерді қайта жалғастыруға дайын отыр. Ресей осы келіссөздерде арағайындық рөл атқара алар еді. Шындығына келсек, күрдтер әу бастан-ақ автономияға үміт артқан жоқ, олар бар болғаны САР-ды демократизациялауға қол жеткізіп, Конституцияға өзгертулер енгізуді ғана қалаған-ды».
Еске салсақ, сонау 2014 жылы сириялық күрдтер мен олардың одақтастары Сириялық Күрдістан (немесе Рожава) автономиясын жария еткен болатын. Оған Африн, Кобани и Джазира атты үш кантон кірген. Бірақ, тұрақты түрік армиясы тарапынан шабуыл жасау қаупінің төнуі күрдтерді Дамаскпен мәмлеге келуге итермелейді. Сарапшылар: «Күрдтермен келіспеушіліктер жеткілікті болғанымен, Дамаск түрік операциясын қолдай алмайды. Өйткені, бұл кеңауқымды жаңа азамат соғысы басталады дегенді білдірер еді»,— деген пікірде.
Күрдтер мен Түркия арасындағы қарама-қайшылық — САР-дан АҚШ армиясы кеткеннен кейін жалғасын табуы мүмкін жалғыз ғана шиеленіс желісі емес. Д.Трамптың шешімі Тель-Авивті де мазасыздандырып тастады. Мәселен, Израиль әділет министрі  Аелет Шакед : «Америка басшылығының қадамы Израильге көмектес алмайды, керісінше, түрік көсемінің ықпалын күшейтіп, Иранға Ливандық «Хезболлаға» қару-жарақ қоюды арттыруға мүмкіндік жасайды»,— деп мәлімдеді. Бұл тартыста кімнің көзірі мықты боларын алдағы оқиғалар желісі көрсетпек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз