Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау бір жылға кейінге шегерілді. Ол 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең-кезеңімен енгізілмек. Бұған дейін декларациялау мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталады делінген.

2021 жылдың 1 қаңтарынан басталатын бірінші кезеңде декларацияны мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті басшы лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар тапсыруы керек. Сондай-ақ жоғарыда аталған азаматтардың күйеулері мен әйелдері де өздерінің табысы жайлы декларация тапсыруға міндетті. Декларациялаудың екінші кезеңі 2023 жылдың 1 қаңтарында басталады. Ол кезде мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілері және сол тұлғалардың жұбайлары (зайыбы) декларация тапсырады. 2024 жылдың 1 қаңтарында басталатын үшінші кезеңде заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары декларация тапсырады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырмақ. Еске сала кетсек, бұған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыға бірдей декларациялау мерзімін өзгертетін заңға қол қойған.

Ермек Сахариев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз