Осы екі сөз де жақсы сөздер. Әу баста оқығанда «Абай бабамыздың мұнысы несі? Мұндай оңды сөздер қалайша оңдырмайды» деп күмәнданып, таңданып әрі қарай оқуға асығасың. Меніңше бұл оқырманын әрі қарай жетектеуге деген жаңаша әдіс. Сонымен қалайша оңдырмайды бұл сөздер?

«Оның қуанышы елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса, қуанады». Мұндай мінез қазекеңдерде осыдан бір ғасыр бұрын болған. Ал қазір өзгердік пе? Әй, қайдам… Мысалға жүгінейік. Көрші, я бір туысқаны ла-уазымды қызметтен түсіп қалса «Әп, бәлем өзіне сол керек!» деп жаны кіріп жайраңдаған адамдарды көрдім.
Бастығы бір пәлеге ұрынып жатса, оның қара-мағындағылар, әсіресе орынбасары қатты қуа-натынын біз білмейміз бе? Білгенде қандай! Басқа мемлекеттерде табиғат апаттары немесе соғыс өрті тұтанып жатса, «Е-е, шүкір, біздің елімізде тыныштық қой» деп бүкіл ел қуанып жатады. Біреулер машина апатына түсіп жатса, «біз мұндай жағдайға ұшырамағанымыз қандай жақсы» деп қуанған жандарды көргенде «әй, пендешілік-ай» дейсің.
«Енді, жұбанышы: жалғыз бізбе, елдің бәрі де сүйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген ұлы той, көппен бірге болсақ, болады-дағы деген сөзді жұбаныш қылады». Шынында да мұндайды жұбаныш ету қазақты жарға шығады. Бұл сөз қазақты алға бастырмайды. Қазіргі адамдар мынаны жұбаныш етеді: «тым алға кетпеу керек, көз тиеді, тым артта қалма ел күледі, одан да орта шенінде жүрген дұрыс». «Жақсы оқымаса оқымай-ақ қойсын, әйтеуір аман жүрсін» дейтін ата-аналар бар. Кейбір әкелер мен ағалар бар, құрдастарын немесе жезделерін балаларына боқтатып, боралатып мәз болады. Осы жұбаныш болып па, ағайын-ау?! Өз балаңды өзің теріс тәрбиелеп жатқаныңды білесің бе? Ертең ол ержеткенде боқтампаз күйінде қалып қойса, кім кінәлі болмақ?
Иә, бауырларым, шын қуаныш пен шын жұ-баныштың парқын айыра білсек деген ой ғой біздегі.

Ертай Айғалиұлы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.