Шымкент қаласыНЫҢ әкімі ДЕ ӨЗГЕРДІ. Ол орынға Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы тағайындалды.
М.Әйтенов «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» және заңтану мамандығын меңгерген.
Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінде аға инженер-бастығы болып бастаған. Ол ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі, содан соң ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы болды.
2010-2012 жж – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, содан соң осында
бөлім меңгерушілігіне тағайындалды.
2013 ҚР Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы,
2016 жылдан бастап Президенті Іс Басқарушысының орынбасары қызметін,
2019 жылдан бастап Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.
Жаңа әкімдерді құттықтай отырып, қызметтерінің ұзағынан сүйіндіріп, елге адал да, табысты жұмыс істеулеріне тілектестігімізді білдіреміз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.