Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалына жаңа директор тағайындалды. Енді жергілікті қаламгерлер ұйымын жас ақын, бірнеше кітаптың авторы Жарқынбек Амантайұлы басқарады. Бұрын біздің газетімізде меншікті тілші болып жұмыс атқарған Жарқынбекті жаңа қызметімен құттықтаймыз.
Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы 2012 жылы құрылған. Филиал директоры қызметін бұған дейін халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Арман Қани басқарып келген еді. Содан бері жас қаламгерлерді қолдау, аға буын ақын-жазушылардың кітаптарын шығару бағытында көп жұмыс атқарылды. Бүгінде өңірімізде Жазушылар одағының 13 мүшесі бар.
Жаңа директорды тағайындау салтанатына Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек, Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов және жергілікті қаламгерлер қатысты.

Тілеуберді САХАБА

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.