Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ертеңгі ел тұтқасы болатын жас буынды тәрбиелеу міндеті бүгінгі ұстаздар қауымының мойнында. Осы педагог қауымын қуандырған Қазақстан Республикасы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының қабылдануы болса, екіншісі – «2020–2025 жылдарға арналған «Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» еді.
Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты №177жалпы білім беретін мектептің педагогикалық ұжымы да мемлекет тарапынан қабылданған ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың«Педагог мәртебесі туралы» заңы мен аталған бағдарламаны талқылады.
Мектеп директоры Тұрсын Таңатұлы «Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы – ұстаздар қауымының құқығын қорғайтын, абыройын арттырып, шығармашылық ізденістерге бастайтын ізгі құжаттар» екенін айта отырып, заң жобасындағы баптарға жан-жақты тоқталды.
Атап өтетін болсақ, «Педагог мәртебесін» айқындайтын Заң негізгі төрт бағытты қамтиды. Олар: біріншіден, ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату мен жүктемесін азайту; екіншіден, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту; үшіншіден, материалды емес стимул тетіктері; төртіншіден, материалдық ынталандыру болды.Ұстаздардың еңбегіне материалдық көмек ретінде 2020 жылы жалақыны 25 пайызға өсіру және төрт жыл ішінде екі есе арттыру мәселелері көзделгенін және педагог өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартылудан қорғалғаны айтылды.
Сонымен қатар, барлық білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздардың әлеуметтік дәрежесі анықталып қана қоймай, оларға қолдау көрсетуге бағытталған. Мысалы, жеңілдетілген несие бойынша үй сатып алу, жатақхана иелену, балабақшаға кезектен тыс баласының қабылдануы, қосымша қоғамдық жұмыстардан (сенбілік, сайлау т.б.) босату, жалақының артуы т.б.(12- бап, 3- тармағы) Педагогтің материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне байланысты (8- бап, 3 -тармағы) оқу жүктемесі орта білім беру ұйымдары үшін 16 сағат болуы; Педагог құқықтарының қорғалуы яғни, лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуын және жұмысына кедергі келтіруінен; оқушы, ата- ана немесе заңды өкілдері тарапынан заңсыздықтарға жол бермеуге; (7- бап)т.б. педагогтерге төленетін заң аясындағы қосымша ақылар ұстаздар қауымының мәртебесіне үлес қосатын қуанышты жағдай еді.

Гүлхан Сакеева,
Алматы қаласы Жетісу ауданы
№177 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз