Елордада өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов: «Банк және банк қызметі туралы» және «Микроқаржы ұйымдары туралы» Заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес, енді екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарына кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша берешек 90 күннен асып кетсе, айыппұл, өсімпұл, сондай-ақ, комиссия мен басқа да төлемдер есептеуге тыйым салынады. Жаңашылдық 2020 жылдың басынан күшіне енді. Бұрын кредитті уақытында төлемеген кезде, өсімпұл әр күн сайын 0,5 пайызға өсетін. Енді биылдан бастап кредит бойынша берешегі 90 күннен асып кеткендерге ешқандай комиссия есептелмейді. Бұл несие алатын азаматтар үшін әжептәуір жеңілдік деп ойлаймын»,— деді. Айта кетсек, жаңа жылдан бастап кірісі күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға кепілсіз кредит те берілмейді. 2020 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңге мөлшерінде бекітілді. Яғни, табысы осы сомадан аспайтындарға кредит беруге тыйым салынды. Бұған қоса, жұмыссыздар да кредит ала алмайды. Өйткені банктен қарыз алу үшін соңғы 3-12 айдағы ресми табысты көрсету қажет.

Ермек Сахариев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз