Бір-ақ күн бар, сондай-ақ бір-ақ таң бар,
Сен қазақсың, бойыңда бір-ақ қан бар.
Ей, жігіттер, шынымен Қазақ болсаң,
Қазақ қызын, ешқашан жылатпаңдар!

Мына заман – азғындар заманы емес,
Қанша қорқып, қашсаң да, қалады елес.
Қазақ қызы – ол сенің ар- ұятың,
Ар- ұятын жоғалтқан – адам емес!

Сақ болған жөн, қандай да ырықтан бар,
Асығыстық дегенді – құлыптаңдар.
Сондықтан да жігіттер, не істесең де,
«Қыздың жолы – жіңішке», ұмытпаңдар!

Қате қадам – түбінде өкінерің,
Аяп қарар дейсіңдер, бетіңе кім?
Сен, қазақсың!
Сондықтан Қазақ қызын,
Қорғап, қолдап жүріңдер, өтінерім…

Байқаусызда сүрінтіп, құлатпаңдар,
Шын сүйдің бе, сүйгенге тұрақтаңдар.
Қазақ қызы – ол сенің ар-ұятың,
Қазақ қызын – ешқашан жылатпаңдар!!!

Жұмаш Кенебай

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз