Халқымыз «қыз – өріс, ұл – қоныс» деп өрісін кеңейтетін қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «қызға қырық үйден тыйым» жасаған. Халқымыз «қыз – қонақ» деп төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тəрбиесіне, соның ішінде қыз бала тəрбиесіне өте көп көңіл бөлген. «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деп, ата-бабаларымыз қыз бала тəрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған. Бойжеткен ару қыздарды сырт көздерден сақтап, оларды биязылыққа, ибалылыққа тəрбиелеген. Абай атамыз: «Жасаулы деп, малды деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба. Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, ата-ананың қызынан ғапыл алма», – деп жігіттерге кеңес берген. Арын сақтаған, ақылды, ұяты бар, ата- анасының тəлімін алған қыз баладан болашақта жақсы жар, ибалы келін, аяулы ана күтуге болады. Сол үшін қазіргі кез-келген ата-ана өзінің ұл-қызының тəлім- тəрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауы керек.
Қыздарға жан-жақты сұлу¬лық, яғни жан сұлулығымен қоса, тән сұлулығы бiрдей бол¬ғаны жарасады. Жастықтың өзi сұлулықтың, нәзiктiктiң бел¬гiсi. Қыз балалардың көрiктi болып өсуiне ертеде аналары ерек¬ше көңiл бөлген. «Аттың көр¬кi – жалы, арудың көркi – шашы» деп ұққан аналар қыз¬дың шашын дұрыстап күтiп-өсi¬рудi өнер санаған. Шашты жақсы өсiру үшiн айранмен, қынамен жуған. Шашты қос бұрым немесе бестемше етiп өру бойжеткен қыздардың көркi болған. Сырға, бiлезiк, шашбау, шолпы сияқты әшекей заттарды тақтырған. «Қыздың көзi – қызылда» деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйiрлiгiн бiл-дiредi.
Ауыз әдебиеті жырларындағы арулардың сұлу мүсiнiн суреттеу жастарды әсемдiк сезiмге бөлеген. Халқымыз қыз¬дың көркiне ақыл-ойы, мiнезi сай болуын қалаған. Адамның мә¬дениетi мен тәрбиесінің дең¬гейi сырт бейнесiнен, киiне бi¬луiнен де көрiнедi. Ұқып¬сыз, салақ адамды өз iсi мен қылығына есеп бере алады деп ойлау көбiне қиын. Жастар киiне бiлу әде¬мiлiгiнiң де жүрiс-тұрыс әдемiлiгiнен маңызды екенін білуі керек. Қоғамның дамуына байланысты киiмнiң сәнi де өзгерiп отырады. Қазіргі қоғамда қыздардың темекi тартуы, iшiмдiкке үйiрлiгi әдетке айналып бара жатқаны байқалады. Орынсыз киiну, орынсыз жү¬рiс-тұрыс әйел затының әйел¬дiк, нәзiктiк, сыпайылық көркiне нұқсан келтiретiн қы¬лық екенiн естен шығармау керек. Жарасымды киiн, өзiңдi басқаларға үлгi ет, басқаларды қызықтыратындай әдептiлiктiң иесi бол деймiз. Қыз ба¬ланың тәрбиесіне анасы көңіл бөліп, тазалық пен ибалықты, тәртіп пен имандылықты сақтауды қадағалап отырғаны дұрыс. Ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында əрдайым абыройлы сыйлы болады
Қыздарымыз осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тəн нəзіктігімен, сүйкімділігімен жəне рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс.
Тек өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады.

Гүлхан Сакеева,
Алматы қаласы Жетісу ауданы
№177 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз