Біздің гимназия ұжымы және ата-аналары қамқорлық жасауды ізгілікке бастар жол ретінде жоғарғы жауапкершілікпен сезінеді.

Оған дәлел жылда өткізілетін республикалық «Мектепке жол» қамқорлық акциясы барысында сынып жетекшілермен бірлесе отырып, ата-аналар комитеті және ұстаздарымыз әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын беріп белсенді үлес қосатыны.
Гимназия директоры А.А.Мағжанқызы бұл баста-маларға үнемі қолдау білдіреді.
Былтырғы оқу жылында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Ж. Исахметова әлеуметтік педагогпен бірлесе отырып «Отбасым менің жүрегім» атты ата-аналаға арналған тренингтер ұйымдастырса, жас мұғалімдер арасында ерікті түрде әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға азық-түлікпен оқушыларға қажетті материалдық-тұрмыстық көмектерін жеткізіп отырды.
Биылғы оқу жылында басталған акция барысында көп балалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушыларға білім алуға қажетті оқу құралдары берілді. Акцияға демеушілік білдірген әл-Фараби атындағы ҚҰУ-дің журналистика факультетінің «Көмек» қоғамдық қорының еріктілері. Демеушілеріміз алғыс хатпен марапаттады.

Э. Исахметова,
У. Муталип
Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназиясының
әлеуметтік педагогі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.