Коронавирус жарыстарға да «ауыз салды»

0
270

Қытайдың Ухань қаласында (Хубэй провинциясы) тараған коронавирус ауруына байланысты Ханчжоуда жоспарланған жабық кешендегі IX Азия чемпионаты өтпейтін болды. ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, құрлықтық біріншілік 12-13 ақпан күндері Қытайдың Ханчжоу қаласында өтуі тиіс болған. Алайда Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне жарыстың өтпейтіндігі туралы Азия жеңіл атлетика қауымдастығынан хат келген. Осыған дейін Уханьда 3-14 ақпан аралығында өтетін 2020 жылғы Токио Олимпиадасына Азия/Тынық мұхиты елдерінің боксшыларын іріктеуді кейінге қалдыру шешімі қабылданған болатын. Кейіннен бұл аталған іріктеу турнирді Халықаралық Олимпиада комитетінің жұмыс тобы 3-11 наурыз аралығында Иорданияның Амман қаласында өткізетін болып шешкен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.