ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі: «Бүгінде елде ана мен баланы қолдау саласында мемлекеттік 3 төлем және 8 жәрдемақы беріледі. Бұл мақсаттарға 2020 жылы 682,9 млрд теңге қарастырылған. Биыл бірінші, екінші және үшінші баланың туылуына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері 38 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) немесе 100 738 теңгені құрайды. Ал төртінші және одан да көп балаға 63 АЕК немесе 167 013 теңге төленеді. Биылғы төлемнің орташа мөлшері 114 788 теңге. Бұл мақсатқа 45,2 млрд теңге қарастырылған. Жұмыс істемейтін ата-аналарға бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін берілетін жәрдемақы отбасының табысына қарамастан тағайындалады және оның мөлшері төртінші балаға дейін артып отырады (бірінші балаға –15 270 теңге, екінші балаға –18 054 теңге, үшінші балаға — 20 811 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға –23 594 теңге). Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен қамқоршыларына биыл 43 657 мың теңге жәрдемақы төленеді, бұл мақсатқа 48,1 млрд теңге бөлінді. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасаушыларға 2020 жылы 8,6 млрд теңге жәрдемақы қарастырылған. «Алтын алқамен» жеті және одан да көп балалары (бұрын – он және одан да көп) бар аналар, ал «Күміс алқамен» алты баланың анасына (бұрын – сегіз) төленетін мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге 47,5 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ, базалық деңгейде әлеуметтік сақтандыру төлемдері, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлемдер қарастырылған. Аталған жәрдемақы жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты арттырылады. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған жәрдемақы 5 %-ға өсті. 2020 жылы оны төлеуге 75 млрд теңге қарастырылған. 2020 жылы болжам бойынша, жұмыс істейтін әйелдер үшін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауға, олардың бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болу кезеңінде 5,9 млрд теңге бөлінеді»,— деп хабарлайды. Көпбалалы отбасыларды қолдау 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент балалары бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы төлеу есебінен қамтамасыз етілген. Аталған мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде төленеді: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74 388 теңге. Ағымдағы жылғы қаңтар айында 369 мың отбасы жәрдемақы тағайындалып, оларға 17 млрд теңгеден астам қаржы төленді.

Ермек Сахариев

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.