Түркістан облысының бірнеше ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша мәжіліс отырысы өтті. Онда осы салада атқарылған жұмыстар талқыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер белгіленді. Сайрам ауданында өткен жиынға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Болат Исақов, аудан әкімі мен құзырлы мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде бірқатар мәселелер талқыланды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар жайлы және мемлекеттік сатып-алу саласындағы өзекті мәселелер айтылды.

«Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей, сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Соңғы жылдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты жазалаулар әкімшілік деңгейден қылмыстың ең ауыр түріне дейін теңестірілді. Заң қатаңдай түсті», – деді Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков өз сөзінде.

Былтыр өңірде алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық Түркістан форумы» өтті. Ауқымды жиынға арнайы келген АҚШ, Түркия, Әзірбайжан, Татарстан және Түркіменстан елдерінің уәкілетті орган өкілдері, халықаралық сарапшылар мен үкіметтік емес ұйым мүшелері өз елдері мен Қазақстандағы үздік тәжірибелермен бөлісіп, тың жобаларын ортаға салды. Шетелдік сарапшылардың белсене қатысуымен өткен маңызды шара алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, өңірде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы да жемісін беруде.

«Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күрес мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл санаттағы құқықбұзушылық фактілері өңірімізде де орын алады. Яғни, әкімдіктер жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиялардың жұмысының мардымсыз жүргізілетінін көрсетеді. Осы орайда, ішкі талдау жұмыстары сапалы жүргізуді, қоғамдық қабылдауды тұрақты түрде өткізіп, арыз-шағымдарды жіті бақылауда ұстауды тапсырамыз», – деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Басқосуда көптеген түйткілді мәселелер сөз болды. Алдағы уақытта, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі жетілдіру мақсатында облыс аумағында жүзеге асып жатқан ілкімді бастамалар мен сәтті жобалар әрі қарай да жалғасын таппақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БОРЬБА С КОРРУПЦИЕЙ – ВЕЛЕНИЕ СЕГОДНЯШНЕГО ДНЯ

В нескольких районах Туркестанской области прошли совещания по предупреждению коррупции. На встречах  обсуждалась работа, проделанная в данной сфере, и намечены планы на предстоящий период. На совещании в Сайрамском районе приняли участие заместитель акима области Сакен Калкаманов, начальник департамента  Агентства по делам государственной службы и противодействию коррупции по Туркестанской области Болат Исаков, аким района и руководители компетентных учреждений.

В повестке дня обсуждался ряд вопросов. Речь шла о  внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственной службе», проводимой работе по предупреждению коррупции и наиболее актуальные темы в сфере государственных закупок.

«Президент Н. А. Назарбаев сказал: «Коррупция – это глобальная проблема, от которой не защищено ни одно государство мира, ни одна политическая система и порядок». За последние годы коррупционные наказания ужесточились от административного уровня до тяжкой формы преступности. Законодательство значительно  ужесточилось», – подчеркнул  аким Сайрамского  района  Уласбек Садыбеков.

В прошлом году в регионе впервые прошел международный Туркестанский антикоррупционный форум. Специально приехавшие на встречу представители уполномоченных органов США, Турции, Азербайджана, Татарстана и Туркменистана, международные эксперты и члены неправительственных организаций поделились передовым опытом в своих странах и представили новые проекты. Значимое мероприятие с активным участием иностранных экспертов будет проходить регулярно. Работа проектного офиса «Площадь лояльности» также успешно реализуется в регионе.

«Вопрос комплексной борьбы с коррупцией не был в повестке дня. Нарушения в этой категории происходят и в нашем регионе. Другими словами, проводимая при акиматах комиссиями работа по борьбе с коррупцией, оставляет желать лучшего. В связи с этим, поручаем проводить качественную внутреннюю аналитическую работу, регулярные общественные консультации и держать жалобы на строгом контроле », – сказал заместитель акима  области Сакен Калкаманов.

На встрече был обсужден ряд проблемных вопросов. В регионе будут продолжены пилотные инициативы и успешные проекты, реализуемые для дальнейшего совершенствования государственной антикоррупционной политики.

Пресс-служба акима Туркестанской области

  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз