Нұр-Сұлтанда Алғыс айту күні қалай тойланады?

0
541

Алғыс айту күніне орай елордада 20-дан астам мәдени іс-шаралар жоспарланған. Мерекелік шаралар қаланың барлық ұйымдарында, оқу орындары мен аудан әкімдіктерінде өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Биыл Алғыс айту күні бесінші реет тойланып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаев жылсайын 1 наурызды қиын кезеңдерде өзге ұлт өкілдеріне көмектескен, мейірімділік танытып, оларды туысқаны ретінде қабылдаған қазақ халқына өзге этностардың алғыс білдіру күні ретінде атап өтуді ұсынды. Мерекенің басты мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қоғамдық келісім мен қайырымдылықты насихаттау. 28 ақпанда сағат 11:00-де Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, ҮЕҰ және мемлекеттік органдардың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтеді. Кездесу аясында қайырымдылық көрме-жәрмеңкесі мен қайырымдылық акциясын өткізу жоспарланған. 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында, Балаларды қолдау орталығының «SOS Астана қаласының балалар ауылы» мекемесінде Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы мен «Құшақтап, рахмет айтамын» флешмобы өтеді. Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Мен алғыс айтамын», «Әлемге алғыс», «Қазақ халқына алғысым шексіз» фотокөрмелері жоспарланған. 29 ақпанда «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының ақсақалдар кеңесі мен жастар қанатының кездесуі өтеді. Сол күні №1 музыка мектебінің оқушылары «Қарттар  мен  мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме» ҚМУ ардагерлеріне арналған «Жүрек жылуы» концертін өткізеді. 1 наурызда этнолингвистикалық мектептерде Алғыс айту күніне орайашық сабақтар ұйымдастырылады. Сол күні қалалық волонтерлер штабының бастамасымен «Ардагерлерге мың алғыс» акциясы басталады. Еріктілер соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтап, оларға тамақ себеттері мен елорда әкімінің атынан алғыс хаттар табыстайды. Сонымен қатар, ғылыми-сараптамалық топтың  мүшелері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері мемлекеттік органдардың қызметкерлері, университет студенттері үшін дәрістер өткізеді.

 

 

Как будут отмечать День благодарности в Нур-Султане

В рамках празднования Дня благодарности в столице пройдут более 20 культурно-познавательных мероприятий. Праздничные тематические мероприятия состоятся во всех организациях города, учебных заведениях и акиматах районов, сообщает официальный сайт акимата. В текущем году День благодарности отмечается в пятый раз. На XXII сессии АНК Первый Президент РК – Елбасы Н.А. Назарбаев предложил ежегодно отмечать 1 марта как День благодарности всех этносов друг к другу и к казахскому народу, который оказал помощь в трудное время, проявив милосердие и приняв их, как родных. Главная цель праздника – укрепление единства народа Казахстана, пропаганда общественного согласия, благотворительности, социальной солидарности и взаимной поддержки. 28 февраля в 11:00 в Доме дружбы состоится заседание за «круглым столом» с участием членов Ассамблеи народа Казахстана, НПО и государственных органов. В рамках этого заседании планируется благотворительная выставка-ярмарка, акция милосердия. С 28 февраля по 2 марта во Дворце школьников имени М. Утемисова, в Центре поддержки детей, в учреждении «SOS Детская деревня Астаны» пройдут общенациональный культурно-образовательный проект «Ризашылық – мейірімділікбұлағы», посвященный Дню благодарности, флешмоб «Обниму просто так и скажу: «Спасибо!». Во Дворце школьников имени Аль-Фараби запланированы фотовыставки «Мен алғысайтамын», «Әлемгеалғыс», «Қазақхалқынаалғысымшексіз. 29 февраля пройдет встреча совета старейшин и молодежного крыла чечено-ингушского этнокультурного центра «Вайнах». В этот день учащиеся музыкальной школы № 1 проведут концерт «Жүрекжылуы» для пенсионеров и ветеранов КГУ «Медико-социальное учреждение для престарелых и инвалидов». 1 марта в этнолингвистических школах пройдут открытые уроки, посвященные Дню благодарности. В этот день по инициативе городского штаба волонтеров в Нур-Султане стартует масштабная акция «Ардагерлергемыңалғыс». Волонтеры поздравят ветеранов войны и тружеников тыла. Они навестят их и вручат им продуктовые корзины и благодарственные письма от имени акима столицы. Кроме того, члены научно-экспертной группы и совета общественного согласия Ассамблеи народа Казахстана проведут цикл лекций для сотрудников государственных органов и студентов вузов.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.