Бүгін «Біргеміз» волонтерлердің республикалық фронт-офисінің ғимаратында Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне арналған бірқатар іс-шаралар өтті. Жиын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Іс-шара ҮЕҰ, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың тиімді өзара іс-қимылын дамыту және ынтымақтастығын кеңейту мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру мақсатында өткізілді. Шара аясында шеберлік-класстар, әлеуметтік жоба көрмелері, кеңес беру қызметтері ұйымдастырылды. «Бүгін біз әріптестерімізбен бірге кәсіби мерекеміз – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнін атап өту үшін жиналып отырмыз. Ең алдымен, біз бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдарға алғыс білдіргіміз келеді. Олар қоғамдық проблемаларды шешіп, әлеуметтік шиеленісті төмендетуге септігін тигізіп отыр. Сондай-ақоларерекшеқажеттіліктері бар балаларменжұмысістейді, АИТВ және туберкулез, адам құқықтары мен азаматтық бюджеттердің ашықтығы мәселелерін шешеді», – деді «КАМЕДА» қоғамдық қорының директоры, қалалық Азаматтық бастамалар орталығының басшысы Махаббат Еспенова. Іс-шара барысында кәсіби және тиімді фандрайзинг, қажеттіліктерді бағалау БАҚ-та жылжыту тақырыптарына арналған шеберлік сабақтары жүргізілді. Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіпкерліктің өзектілігін ескере отырып, спикерлер Ардақ Отарбаев пен Мирас Аббасов әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың негізгі трендтері бойынша семинар өткізді. Бүгінгі атаулы күнді атап өтуге Алматы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысындағы қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Бұл елордалық ұйымдардың аймақаралық мәселелерді бірігіп қарауға мүмкіндік беретіндігі анық. Іс-шара қорытындысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлердің көрмесі ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш шаралар үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру үшін жағдай жасап, Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуына ықпал етеді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.