Ақтаудағы «Балауса» балалар бақшасы 20 жылдан бері «Денсаулық» бағдарламасын жүргізіп, денені суық сумен шынықтыру әдісін қолданып келеді. 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер күннің ыстық-суығына қарамастан далада салқын су құйынып, бассейнде жүзеді. Балалар бұл әдісті күнде екі рет жасайды. Таңертең балабақшаға келген кезде және түскі ұйқыдан тұрған кезде бала салқын су құйынады. 3 жылдан бері шынығып келе жатқан балақайларбұған әбден үйренген. «Аталған әдістің арқасында балалардың денсаулығы жақсарып, ауруды ұмыттық»,- дейді ата-аналар.

Балам бассейнге барғалы иммунитеті көтерілді. Ең бастысы ауру дегенді ұмыттық. Тамақ ауруы, жөтел деген сияқты. Бұлшықеттері қатайды. Тамаққа тәбеті артты. Сосын өзіне деген сенімділігі десе де болады. Ең бастысы өзіне ұнайды, балабақшаға асығып келеді»,- дейді ата-ананың бірі Ботакөз Қалжанова.

Балабақшадағы 373 баланың 60-ы салқын сумен шынығу шарасына қатысады. Ата-аналарының рұқсатымен, әрине. Балақайлар сондай-ақ аптасына екі рет бассейнге де түседі. Мұндағы жаттығулар жарыс түрінде өтеді. Балалар суда жүзуді, тіпті су астында сүңгуді үйренеді. Бүлдіршіндерді мұнан соң ыстық монша күтіп тұрады. Буға жылынған балалар итмұрын тұнбасын ішеді. Осы әдістің барлығы бассейн медбикесі мен арнайы инструктордың бақылауында жүреді. Тәжірибелі мамандар бұл бағдарламаның бала ағзасы үшін пайдасының зор екенін айтады.

«Яғни оны бірден салқын сумен далада шынықтырмаймыз. Ол жеңілден күрделіге қарай жүреді. Комнатная температурада салқын сумен шынығады. Жайлап аяқтан бастап шыныққаннан кейін баланы жалаңаяқ далаға алып шығудан бастаймыз. Күз айларында әлі де жылы болады. Жылы күнде баланы жайлап далаға шығарамыз. Сонымен бала қыста да қар болсын, жауын болсын, салқын болсын, жел бослын, оның бәрінде балалар салқын сумен шынығады»,- дейді № 58 «Балауса» балабақшасының директоры Амангүл Оразова.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

 

ЗАКАЛИВАНИЕ В ДЕТСКОМ САДУ – СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЗДОРОВОГО ОБРАЗА ЖИЗНИ

В Актау детский сад «Балауса» реализовывает программу «Денсаклык» уже более 20 лет, используя метод закаливания организма холодной водой. Дети от 3 до 6 лет купаются в бассейне, обливаясь холодной водой, несмотря на жару и холод. Дети делают эту процедуру два раза в день. Дети обливаются холодной водой утром, когда приходят в детский сад и после тихого часа. Они уже привыкли к этому режиму. «Благодаря данному методу здоровье детей улучшилось, и они забыли о болезни», – говорят родители.

Как только мой сын пошел в бассейн, его иммунитет повысился. Нас всегда беспокоили боль в горле и кашель. А сейчас, мы забыли, что такое болезнь. Благодаря этим способам укрепились мышцы моего ребенка. Мы заметили повышенный аппетит к еде. И самое главное, что ему нравится ходить в детский сад», – отметила одна из родителей Ботакоз Калжанова.

60 детей из 373 регулярно принимают участие в мероприятиях по закаливанию. Конечно с разрешения родителей. Дети также два раза в неделюходят и в бассейн. Они учатся плавать и даже нырять.Упражнения здесь проводятся в соревновательной форме. Далее после бассейна детей ожидает сауна. После чего им дают настойку шиповника. Все эти методы находятся под наблюдением медсестры и специального инструктора. Опытные специалисты утверждают, что программа очень полезна для молодого организма.

«Мы обливаем детей холодной водой не сразу, а постепенно. Этот процесс идет поэтапно. То есть ребенок сначала тренируется в воде комнатной температуры. А дальше он принимает процедуры уже на улице, на открытом воздухе. Таким образом, ребенок закаляется, несмотря ни на погоду, ни на сезон»,- добавила Амангуль Оразова, директор детского сада № 58 «Балауса».

ЦЕНТР ОБЩЕСТВЕННЫХ КОММУНИКАЦИЙ МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАС

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз