Сурет: Stan.kz

 

Сурет: Stan.kz

Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев су тасқынынан зардап шеккен аудандарды аралауды жалғастырды. Демалыс күндері ол Кірпішті ауылына барды. Ондағы саяжай үшін берілген учаскелердегі зәулім үйлердің егелерінің «жанайқайын» тыңдап болған соң, өзге аудандардағы қиын жағдайларды жеткізген ол: «Сіздердің жағдайларыңыз жақсы. Махамбет, Россовхоз, Қалалық сүт зауыты (ГМЗ) аудандарындағы үйлердің жағдайларын көрген жоқсыздар. Оларда сендердікіндей зәулім үйлер жоқ. Саманнан салынған үйлері құлағалы тұр. Әр отбасыда 4-5 баладан бар», — деп, өзіне арыз айтқан дәулетті ақтөбеліктерді тәубеге келуге шақырды. Сондай-ақ облыс басшысы саяжай аумағында үлкен сарайлар тұрғызбау керектігін де ескертіп, көмек көрсетілерде алдымен жағдайы төмен отбасыларға басымдық берілетінін шегелеп тұрып айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз