АЛМАТЫДА 12 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

0
184

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 9 адамға жетті. Бұл туралы бүгін ҚР Денаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады. «Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 9-ға жетті. Вирус Алматы қаласына Германиядан ұшып келген 2008 жылы туған қыз баладан табылды. Қазір Алматыда вирус жұқтырғандар саны – 7, ал – елордада – 2. Барлығы 9 адам», – деді Диас Ахметшәріп. Еске сала кетсек, бүгін сағат 13.00-де «Хабар 24» арнасында онлайн режімде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 8-ге жеткенін хабарлаған еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.