Мәулен Әшімбаев наурыз мейрамымен құттықтады

0
401

Құрметті достар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – ырыс-ынтымақты арттыратын, ұлтты ұйыстыратын, ізгілікті дәріптейтін мейрам. Халқымыз ежелден бұл күнді жыл басы санап, оны ерекше қуанышпен қарсы алған. Тәуелсіздіктің арқасында әз-Наурыз, шын мәнінде, жалпыұлттық мерекеге айналды.

Өкінішке қарай, биыл коронавирустың таралуына байланысты ұлтымыздың ұлық мейрамын толыққанды тойлай алмай отырмыз. Өйткені, дәл қазір біз үшін ең маңыздысы – азаматтарымыздың денсаулығын қорғау. Осы мақсатпен мемлекет тарапынан нақты шаралар қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның бәріне түсіністікпен қарайық. Сындарлы сәтте бірліктің озық үлгісін көрсетейік.

Әрине, мерекелік көңіл-күйге ешқандай шектеу жоқ. Сондықтан бүгін әз-Наурыздың еліміздегі әр отбасында атаусыз қалмайтынына сенімдімін. Ұлыстың ұлы күнінде шаңырақтарыңыз шаттыққа кенелсін!

Әлемді әбігерге салған індеттен еліміз аман-есен құтылып, арқа-жарқа күнімізбен тезірек қайта қауышуды жазсын! Жаңа жылымыз тек жақсылық әкелсін! Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Маулен Ашимбаев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.