Медицина қызметкері қайтыс болған жағдайда мемлекеттен он миллион теңге көлеміндегі өтемақы төленеді
Қазақстанда коронавирус індетіне шалдыққан ақхалаттыларға екі миллион теңге төленеді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму минмстрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

«Медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі де пысықталды. Олар ауырып қалған жағдайда, екі миллион теңге сақтандыру төлемі беріледі. Құдай сақтасын, бірақ егер медицина қызметкері қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге өтемақы төленеді», – деді Абаев онлайн брифингте.

Бұған дейін ол вируспен күресіп жатқан дәрігерлерге төленетін үстемақы туралы айтқан еді. Үстемеақы 212 мың теңгеден 850 мың теңгеге дейін. Ол үш айы бойы төленеді.
Sputnik kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз