«Біз біргеміз!

Жуырда, әлем елдері сияқты Алматы тұрғындарын да әбігерге түсірген короновирус індетімен күресу мақсатында, қалада енгізілген төтенше жағдай мен күшейтілген карантин негізінде, қалалық кардиологиялық орталық пен «Медик» ЛПС-і өзара бірлескен шара ұйымдастырды.

Онда қаламызда аталмыш індетпен үздіксіз күрес жүргізу үшін, №14 студенттер жатақханасына уақытша орналастырылған 80 медицина қызметкерін күнделікті азық-түлікпен және басқа да аса қажетті тауарлармен қамтамасыз етіп отыру көзделген. Кардиоорталық басшылығының айтуынша, бұндай шаралар қаламызда енгізілген төтенше жағдай аяқталғанға дейін жалғаса бермек.

Ал жатақханаға орналасқан медициналық қызметкерлер болса, «BIZ BIRGEMIZ!» акциясы аясында ұйымдастырылған бұл шараға өз ризашылықтарын білдіруде.

 Жанбақыт Мерекеұлы, «Qazaqstan dauiri» газеті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз