Короновирус деп атын атамайық қояйын десем де, амал жоқтан еріксіз атайсың, бір Алла өзі кешірсін!

Мен ақын, жазушы, журналист ретінде айтарым тосыннан келген сынақты жанымызбен, күш-жігерімізбен, көнбіс қазақи төзімділігімізбен,

бір адамдай сабырлылықпен көтере білейік. Қазақтан өткен  мықты ұлт жоқ. Мықтылық біздің қанымызда бар. Сонау алғашқы ғасырлардың өзінде, бабамыз қассақтың өзі орыстардың алғашқы патшасы Святословты басып алып, өзіне тəуелді етіп қоймады ма? Қассақтарға салық төлеп тұрғанын тарихтан жақсы білесіңдер. Сол батыр кассақтарға ұқсағысы, батыр атанғылары келіп, орыс казактары пайда болмады ма?

Содан бері қазақ бабамыздың басынан не келіп, не кетпеді? Мың өліп емес, миллион рет өліп-тірілген шығармыз. Оған қарағанда, жақында ғана қытайдан дүние жүзін аралап жөңкіп  келген, уақытша тажалдан сонша дүрлікенімізге не жорық? Өткен ғасырлардағыдай дəрі жоқ, тұрмыс төмен жағдай емес, ешкімге тəуелді емеспіз. Жеріміз, еліміз бар. Дəрігерлеріміз ішінара болса да, оқып білім алып жатыр. Ешқандай жағдай жоқта да, бұл қазақ дəл осындай дүрлікпеген. Сабырлылық сақтаған.

Өткен ғасырлардың өзінде сүзек, оба, обыр деген көптеген короновирус ауруынан да ауыр кеселге қарсы тұрған қазақ бұл!

Бір ғана мысал: Мұхтар Əуезовтың «Абай жолы»романының төртінші томында «Түн – түнекте» деген тарауында оба ауруы туралы жақсы жазады.

 

 

Сол ауру туралы өз ойымды өз сөзіммен жеткізейін:

18 ғасырдың аяғына таман оба ауруы Үндістаннан тарап, Еуропа, Англия, Қытай, Жапония, Солтүстік Америка тағы да басқа мемлекетке жайылып, ақырында Россия мен Қазақстанға да келеді. Сол кезде халық жаппай қырыла бастайды. Қазақтың бір туар ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлы Семейге барып орыс əдебиетімен сусындаған, мүмкін Пушкин, Лермонтов өлеңдерін аударып та жүрген кезі шығар.

Сонда Семейдегі досы Федор Иванович Павлов кездесіп, оба ауруы туралы əңгіме қозғайды.

– Ұлтың аурудан қалай? – дейді.

– Өте жақсы.

– Біздің орыстар обадан қырылып жатқанда, сендерде қалай жақсы болады?

– Біздің халық «бас ауырса, балтырдан келмейді» деп жүре береді. Оның үстіне қымыз-шұбат ішіп, қазы-қарта жейді. Мұның бəрі дəрумен емес пе?

Міне, сол кездің өзінде қазақ мықтылық танытқан. Қазірде біз осындай ұлттық тағамдарымызды көбірек пайдалансақ, кез-келген ауруды жеңетініміз сөзсіз. Мемлекетіміз тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратқанда себеттің ішіне құрт-ірімшік, бөтелкедегі қымыз-шұбат, сүт-айран сияқты тағамдарды көбірек салса.

 

Шаяхмет Құсайынұлы

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Қазақстанның Құрметті журналисі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз