Түркістан облысында 3 сәуір күнгі соңғы ақпаратқа сәйкес,  коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 19 адам тіркелген.

Оның ішінде  10 науқас Жетісай  ауданында,  Кентау қаласында 2 адам, Арыс қаласы – 1, Мақтаарал -3, Ордабасы 1 және Сайрам  ауданында 2 адамнан тіркелді.

Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз