Елордада тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ортақ тұтынатын орындарды күнделікті тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. Бүгінгі таңда 2700-ден астам көпқабатты үйге дезинфекция жасалған.

Сондай-ақ 2200-ден астам лифт кабиналарымен 9 мыңға жуық кіреберіс дезинфекцияланған. Дезинфекция процесіне күн сайын жалпы саны 500-ге жуық адам және ондаған арнайы техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, дезинфекциялық жұмыстар қаланың барлық базарларында, медициналық мекемелерде, сауда орталықтарында, супермаркеттерде жүргізілуде. Сондай-ақ, блокпосттарда, балалар алаңымен үй кіреберістерінде, үлкен көшелердің екі жағында тазалау жұмысы жасалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз