Ұлттық баскетбол ассоциасында (ҰБА) ойнайтын командалар арасындағы плей-офф кезеңінде аса тартысты өткен биылғы маусымы күтпеген жерден 11-і наурызда тоқтатылды. Бұған «Юта Джаз» клубының орталық шабуылшысы Руди Гобердің сынамасы оң нәтиже бергені себеп болды. Француздық спортшы АҚШ-ты саяхаттап жүріп өз отандастарының көпшілігімен кездескен көрінеді. Ол кезде індеттің АҚШ-қа қатты соққы болып тиетінін ешкім де болжамаған еді. Лига басшылары спортшылардың денсаулығын сақтау қажет деген қағиданы ұстанып, ойындарды тоқтатуды жөн санады. Тіпті қалған ойындарды маусым айының екінші жартысында жалғастыру нұсқасы да қаралды. Бірақ, жағдай күн өткен сайын бақылаудан шығып, бұл үмітті үзді. Бүгіндері АҚШ коронавирус індетіне шалдыққандар саны  жөнінен әлемде бірінші орында тұр (278 458 адам). Пандемияның бәсеңдеуі иә оны толығымен ауыздықтау қаншаға созылатынын ешкім білмейді. Осы қиын жағдайға байланысты пікір білдірген ESPN сарапшысы Брайан Уиндхорс: «Қазіргі күні ойыншылар кәсіподағы мен лига басшылары және клуб иелері арасындағы келіссөздер тұйыққа тіреліп тұр. Себебі, қаржыдан барлық жақ зор шығынға ұшырап отыр. Содан да болар, келіссөзге қатысушалар маусымды толықтай тоқтату қаупі зор екенін амалсыз мойындауға мәжбүр болды»,— деп мәлімдейді. Спорттық турнирлерді қайта жалғастыру үмітін бірер ай көлемінде Қытай тудырған еді. Ресми Бейжің індет саябырлағаннан кейін баскетбол біріншілігін жалғастыратынын жария еткен-ді. Бірақ, аспан асты еліне американдық легионерлер қайтып орала бастағанда, Қытай күтпеген жерден сыртқы елдермен жолаушылар тасымалдау авиқатынастарын тоқтатып, шекарасын толығымен жауып тастады. Әлем аталған вирустың тағы бір ерекшелігі бар білді, сөйтсе, аурудан айыққан адамның өзі тағы да біраз уақыт бойы індеттің тасушысы болып табылады екен. Ол қауіп қанша уақытқа созылатынын ешкім де тап басып айта алмайды. Осыны бағамдаған тараптар биылғы маусымды тоқтатып, келесі маусымға дайындалудан басқа жол қалмайтынын түсінген сияқты. Оның үстіне    2021 жылы Олимпиаданы өткізу жоспарланып отырғаны белгілі, оған ҰБА ойыншыларының да қатысқысы келеді: өйткені, онда табатын қаржы көлемі аз болмайды ғой. Ал, әзірше, қаржыны бәрі жоғалтуда. Ешбір тарап одан зардап шекпей шыға алмасы кәміл. Қазіргі таңда ойыншылардың жалақысын 15-і сәуірден бастап 50 пайызға қыссқарту туралы ұсыныс қаралып жатыр. Матчтар өтпесе де, келісімшарттар сақталады ғой. Сол себепті лига мен клуб иелері маусымды толығымен тоқтату туралы шешімнің тезірек қабылданғанын қалайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз