Онлайн брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев: «Сәуір айында біз үшін маңызды бірқатар діни мейрам келе жатыр. Атап айтқанда, Ораза, православтық және католиктік Пасха, яһудилік Песах және тағы да басқа мерекелер аталып өтеді. Бұл мерекелердің барлығы көптеген азамат үшін өте маңызды.  екенін атап өтті. Дегенмен вирус таралмауы үшін адамдар жиналатын барлық шараға, оның ішінде діни шараларға уақытша тыйым салынған.  Діни шаралар кезінде адамдар ғибадат орындарына барып, жақындарымен, туыстарымен жиналады. Бірге мазар басына барады. Қазіргідей күрделі уақытта адамның денсаулығы мен амандығы маңызды. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды. Біз азаматтарымыздың діни сеніміне зор құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус індеті барлық адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынамыз. Осы ретте барлық діни, этно-мәдени ұйымдардың басшылары мен азаматтарын түсіністік танытуға шақырамыз. Діни мейрам кезінде карантин режимін сақтауды сұраймыз»,— деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз