Коронавирусты зерттеп, дәйектеп жатқан ғалымдар, мамандар тағы бір шикіліктің шетін шығарды. Бұл індет ойдан шығарылған, қолдан жасалған деседі-міс. Ресейдің бір топ ғалымдары осы мәселені көтеріп, Путинге хат жазған сияқты. Ол мәселе қаралып жатқан көрінеді. «Чип» мәселесі де әлемді қатты толғандырып, ойландырып тұр. Бұл індеттің соңы мәңгүрттікке апарып, әлем тұтқасын болашақ бір алапат күш басқарады деген ойлар айтылып жатқаны да жасырын емес. Жұмыр жер үстінде 7 млрд-тан астам жұмыр басты адам өмір сүріп жатыр. Көзге көрінбейтін алапат күш иелері осы адамдардың 2млрд-ын қысқарту керек дейтін көрінеді. Астапыралла! Өздерін құдай ретінде көретін олар кімдер? Халықты жасанды түрде қыруға (жасанды аурулармен) қалай дәті барады? Күндердің күнінде келетін қиямет қайым күнінде сондай білімпаз, ғалым, дана адамдар осы ауыр қылмыстары үшін тозақтың отында жанатынын қалай ғана білмей отыр? 2 млрд адамды қыру үшінші дүниежүзілік соғыстың келгендігі деп білеміз. Адамзат атом бомбасынан немесе мылтықтың оғынан емес, осындай қатігез адамдардың зұлымдығынан қырылатыны жан шошырлық әрі әлем күтпеген нәубет екені сөзсіз. «Бұл нәубеттен қалай, кімдер қырылады?» деген сұраққа жауаптар да нақты. Алдымен Африка, содан соң… Мұндай деректерді келтірудің өзі қорқынышты. «Әбден қырылып біткен соң әрі қарай не болмақ?» деген сауалдың жауабы одан да үрейге толы. Міне «чип» деген мәселе осы кезде жүзеге асырылмақ. Яғни әлемді мәңгүрттендіру осы арқылы жүрмек. Біздің газетімізде «Саясат» айдары аясында Ерұлан Жансариннің «Аждаһа елі әлемді уысында ұстағысы келеді» деген мақала шықты. Мұнда қытайдың бақылау ақпараттары мен «Бет-пішінді парықтайтын» технологиясы кеңінен әңгіме болады. Қытайда қазір 200 млн-нан аса бақылау камералары бар екен. Осы арқылы миллиардтан аса адамның әрбірінің қайда жүргені жайлы 3 секунд ішінде анықтайды екен. Бұл жөнінен қазір Қытай әлемде бірінші орында. «Чип те» осы тәрізді. Бұл әңгімені жеткізген азамат оның қалай жүзеге асырылатыны жайында айтуды да ұмытпаған. Екпе салынуы арқылы адамдарды мәңгүрт етіп, әлгі өздерін құдайдай сезінетіндер, бір шылбырмен әлемді өзінің дегеніне көндіріп, басқарып отырады. Біз әрине, мұны өсекке, болжамға сайып отырмыз. Ылайым солай болғай! Кешелі-бүгінді «күзде бұл індет қайталанады» екен әңгіменің ұштығы шығып тұр. Ойпырмай-а, 2 млрд адамның жоспарлы түрде қырылуы, чип… рас болғаны ма? Айтудың өзі қорқынышты! «Алла біледі» деген сөз ғана көңілімізді демдейді, қорқынышымызды сейілтеді.

 

Ертай Айғалиұлы

1 Пікір

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз