Бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз мәжілісіне қатысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев аймақтың бүгінгі инвестициялық жағдайы мен кәсіпкерлікті дамыту ерекшеліктері жайында баяндады.

– Қазіргі таңдаелімізде, соның ішінде облысымызда көптеген өзгерістер орын алуда. Бірақ алдымызға қойылған басты мақсат – Елбасымыздың және Мемлекет басшысының алдымызға қойған нақты тапсырмаларын іске асыру. Яғни, Батыс Қазақстан өңіріне тікелей инвестиция тарту көлемін ұлғайту. 2019 жылдың қорытындысында облыс әкімі Ғали Есқалиев өз есебінде 2020 жылдың басты бағыты ретінде инвестиция тартуға және экологиялық ахуалды дамытуға басымдық берген болатын, – деп бастады өз сөзін Мұхтар Наурызбайұлы.

Өз баяндамасында облыс әкімінің бірінші орынбасары мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында негізгі назар инвестициялық ахуалды жақсартуға, инвестициялар тартуға, импорт алмастыруды дамытуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталғанын жеткізді. Белгілі болғанындай, соңғы үш жылда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 401,6-дан 584 млрд. теңгеге дейін өскен. Инвестициялардың негізгі үлесі, яғни 70%-ы тау-кен өндірісіне тиесілі. Ал биылғы жылдың екі айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі үш есеге артып, 102,6 млрд. теңгені құраған. Тағы бір айта кетерлігі, былтыр 500 жұмыс орнын құрумен жалпы құны 354,2 млрд.теңгеге 10 ірі жоба пайдалануға берілген.Жалпы бүгінде өңірде құны 2,4 трлн. болатын 126 жаңа инвестициялық жоба қолға алынса, бұл 2000-нан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берген. Үстіміздегі жылы 370 млрд. теңге игеріліп, 1600 жұмыс орнын құрумен 102 жобаны іске қосу жоспарланған. Осы ретте нақты іс-шараларға тоқталған Мұхтар Наурызбайұлы жергілікті «Кублей» ЖШС-ның теріні бастапқы қайта өңдеу цехы (құны 700 млн. теңге)менОрал жылыжай комбинаты жылыжай кешенінің (құны 7 млрд. теңге) құрылысы аяқталу үстінде екенін мәлімдеді. Сонымен қатар ағымдағы жылы іске қосу жоспарланған Орал трансформатор зауытының трансформаторлар үшін панельдік радиаторлар өндірісі (инвестиция 4,0 млрд. теңге көлемінде),«Квант» ЖШС-ға тиесілі жиһаз фабрикасы (инвестиция 2 млрд. теңге көлемінде), 2021 жылға межеленген  Қарашығанақ қайта өңдеу кешенінің газына өндіріс шектеулерін жою (инвестициялар 425 млрд. теңге көлемінде, Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды) сынды нысандардың құрылысы жалғасуда.

Батыс Қазақстанға инвестициялар тарту және ірі жобаларды жүзеге асыру үшін индустриалдық аймақ құру да жоспарда бар. Ол үшін 281 га. жер бөлініп, техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжаттама жасалып, жобаға мемлекеттік сараптама жүргізілген. Оған қоса 2020 жылға 1,7 миллиард теңгегеинфрақұрылым жүргізу бойынша өтінім мақұлданған.

Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасының ІІ бесжылдығы (2015-2019) аясында 1500-ге жуық тұрақты жұмыс орны құрылған 36 жоба іске қосылса, ІІІ бесжылдық(2020-2025) шеңберінде 65,9 тұрақты жұмыс орнын құрайтын10 жоба жүзеге асырылуда.

Бизнесті қолдау мен дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың бірі – «Бизнестің жол картасы – 2025». Осы бағдарлама бойынша мемлекеттік қолдау шаралары жалпы сомасы 124,2 млрд.теңге болатын несиелер мен инфрақұрылымға 947 кәсіпкердің жобасын қамтыған.Құрылыс сомасы 2,7 млрд.теңгеніқұрайтын 57 кәсіпкердің жобасына жетіспейтін инфрақұрылым жеткізілсе, қолдау тапқан жобалар аясында 28,2 мың жұмыс орны сақталып, алты мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған. Биыл мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жалпы сипаттағы трансферттен 1,8 млрд.теңге бөлінсе, бұл қаражат несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға, несиелер бойынша кепілдемелерге, гранттық қаржыландыруға бағытталыпты.

Келесі «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде ағымдағы жылдың маусым айында  Орал қаласы бойынша микронесиелеуге республикалық қазынадан 500,0 млн.теңге бөлу жоспарланған. Кепілдемеге 36,0 млн.теңге қарастырылса, 50 микронесие беру жоспарда тұр.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеев өткен жылы «қарапайым заттар экономикасын» дамыту жөніндегі жоба іске қосылып, бағдарламаны іске асырудағы кедергілерді жедел анықтау және жою мақсатында «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту жөніндегі жобалық кеңсе құрылғанын да айтып өтті. Жобалық кеңсенің міндеті – бизнес жоспарды әзірлеу кезеңінен қаржыландыруға дейінгі бизнес жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асыру, жобалардың тұрақты мониторингін жүргізу. Айтуынша, осы механизмнің негізгі әлеуетті қатысушылары – БҚО өнеркәсібінің өңдеуші кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы субъектілері.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты іс-шаралар да – облыс әкімдігінің жіті назарында. Әсіресе, жұқпалы індеттің облыс аумағына таралуына жол бермеу мақсатында жұмыстар атқарылуда. Осыған орай облыс әкімінің өкімімен жеке қорғаныс құралдарымен және антисептиктермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы құрылды.Мониторинг аудандарда және Орал қаласындағы 16 компанияға жүргізіледі.Ағымдағы жылдың 5 сәуіріндегі жағдай бойынша 23 445 дана жеке қорғаныс құралдары шығарылса, «Кенжеғалиева» жеке кәсіпкерлігі 425 дана қорғаныш киімдерін ұсынған.

– Бетперделер заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша сатылуда.Өндіріс көлемі өскен сайын басқа да дәріханалармен өндірілетін болады.«Топан» ЖШС-мен 25 тонна антисептик шығаруға жеткіліктібензолкан хлориді, глицерин сынды шикізат түрлері сатып алынды. «Талап» АҚ жиырма тонна этил спиртін сатып алды. №1 дәріхана ағымдағы жылдың 2 сәуірінен бастап «Топан» серіктестігі базасында антисептик шығаруды бастап кетті. Бүгінгі күні шығару көлемі 200 литрді құраса, алдағы уақытта оны күніне 600 литрге дейін жеткізу жоспарлануда, – деді Мұхтар Наурызбайұлы.

Өз баяндамасында облыс әкімінің бірінші орынбасары әлеуметтік тауарлардың бағасын тұрақтандыру мәселесіне де тоқталып, кәсіпкерлерге қажетті мәліметтермен де бөлісті.

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

«Qazaqstan dáýiri» газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз