7 сәуірден бастап Алматы қаласында жүруге арналған барлық өткізу
құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады.

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін
қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабпен карантин кезінде жұмысты
жалғастыратын кәсіпорындардың электронды деректер базасы
құрылды.
Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық
қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері
мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді. Аталмыш ұйымдардан
өтінімдер 1-2 сәуірге дейін қабылданды. Мекеме басшылары
қызметкерлеріне 6 сәуірге дейін жарамды анықтамалар берді.
Сонымен қатар, қала тұрғындары түрлі форматтағы рұқсат қағаздарын
көрсеткен жағдайлар жиілеп кетті. Жедел штаб ешқандай рұқсат қағаздар
мен арнайы рұқсатнама берілмейтінін ресми мәлімдейді. Тек электронды
база ғана жұмыс істейді. Бүгінгі таңда рұқсат алуға өтініш жіберген
барлық кәсіпкерлерге рұқсат беру немесе дәлелді бас тартуы бар
электрондық хаттар жіберілді.
Деректерді толтыру кезіндегі қателіктердің көп болуына, базада
жекелеген қызметкерлер мен автокөліктердің болуы немесе болмауына
байланысты кәсіпкерлер Алматы полиция департаментінің байланыс
орталығына 254 40 07 телефоны арқылы немесе
business_stab@almatydc.kz электрондық поштасы арқылы тексеруі
керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз