Салмағы да, жасы да бірдей екі тоқтыны бөлек-бөлек тор аулаға қамап қояды. Алдарына қойған жем де, шөп те, су да бірдей. Бір ғана айырмашылық бар. Бір тоқтыға жақын жерге, бөлек тор аулаға қасқыр қамайды. Екінші тоқты оны мүлде көрмейді.
Бірнеше айдан кейін қасқырдың қасындағы тоқты өліп қалады. Оның ажалы жем-шөптің жоқтығынан емес, қорқыныш пен қобалжудан болыпты. Ал екінші тоқты алаңсыз семіреді.
Бұл тәжірибені Ибн Сина өткізіпті дейді. Ол мұнымен тәнге түскен жарадан жанға жамалған жараның өте ауыр болатынын дәлелдеген. Қорқыныш пен үрей, шарасыздық пен шыдамсыздық бізге вирустан да қауіпті. Сондықтан үрейге бой алдырып, босқа даурықпаңыздар. Бұл дабыраны да көппен бірге жеңеміз! ✊

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз