Астана ақшамы

 

Астана ақшамы

Ел тұрғындарының триллион теңгелері сақталған зейнетақы қорына енді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы шүйлікті. Палата басшылары: «Ұлттық банк ақшаның тиімді жұмсалуын бақылауды бетімен жіберген деген пікріде»,— деп хабарлайды КТК арнасы. Мәселен, әлемде зейнетақы қорын ұзақ мерзімді инвестиция ретінде пайдаланады. Қазақстанның да Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорды құрғандағы ойы — ірі өндірістік жобаларды қаржыландыру болатын. Бірақ, қазір ол жоспар орындалмай отыр. Жұрттың қарттыққа деп жиған ақшасын кезінде компаниялардың заңсыз пайдаланғаны да Ұлттық банк кінәсі екен. Яғни, жеке фирмаларды дұрыс бақылап, олармен жұмыс істей алмаған. Бірақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылған соң да жағдай өзгермеген. Осыларды тілге тиек еткен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев: «Екінші деңгейлі банктер қаржыны басқара алмайды, оңды-солды шашты деген желеумен қазір жұрттың бар ақшасын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына топтастырды. Ал жаңадан құрылған қор ол ақшаны мемлекеттік қарызға жұмсап, банктерге депозит ретінде берді. Яғни, банктен алып, қайта банкке берді»,— деп, қазыіргі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысын сын тезіне алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз