Ащы пікірін ашық айтуымен танылған заңгер Айгүл Орынбек елдегі жағымпаздықты тағы да сынға алып: «…Өз азаматтық ұстанымы жоқ, жемқорлықпен күресе алмайтын қорқақ, жағымпаз сатқындардың арқасында қазіргі қоғамда осындай жағдай қалфыптасып отыр. Мен көшеге митингке шық демеймін. Саған қызмет етуге келген басшының артына жағымпазданып кіре бермей, заңды түрде коллектив болып өздеріңе тиесілі дүниелерді осы уақытқа дейін сұрағанда, қазір мәртебелерің биік болатын еді. Ал енді келіп елдің басына күн туғанда, бәрің жүйенің былығын көріп қалыпсыңдар. Бұл жемқорлық,бұл былық биыл ғана пайда болған жоқ. Бұл өздерің қолдан жасаған жүйе. Президент ауысу керек дейсіңдер ме? Мың президент ауысып келсе де, халық өзі өзгермей, жүйе өзгермейді. Жағымпаздық, сатқындық, артқа кіру, өз қара басын ойлау — бұл жемқорлықты қолдау, қолдан жасау болып табылады, яғни өз азаматтық пікірін айта алмай жүрген әрбірің ойланыңдар. Мемлекет бір адамнан құралмайды. Мемлекеттің осындай жағдайға жеткеніне әрбіріміз кінәліміз. Жемқор басшының қылмысын жасырып отыра беретін болсаңдар, осылай сорлы болып жүргендерің жүрген. Президентіміз мүмкіндік беріп отыр. «Біз естуші мемлекетпіз»,— деп, сен өз ойыңды ашық айтушы азамат бол. Сол кезде ғана батпаққа батып бара жатқан елді құтқарып қаламыз»,— деп жазыпты әлеуметтік желіге. Әсілі, ойланатын жәйт-ау бұл…

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз