Елордамыз Нұр –Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың баспасөз хатшысы Әсем Сағиқызының хабарлауынша, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен төтенше жағдай уақытында кітапхана «Online кітапхана» жүйесіне көшкен. Тұрақты оқырмандарды алыстатып алмау үшін кітапханашылар танымдық-ағартушылық, ғылыми –көпшілік, шығармашылық адамдармен кездесу өткізуде. Кеше «Кітапхана және ақпараттық қоғам» атты әлеуметтік желі қолданушыларына онлайн дәріс өткізген Бұл жолы онлайн кездесуге Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Ғылыми ктапханасының директоры Бақытжан Оразалиев қатысып,ол қазіргі таңда кітапхана саласының дамуы, оның ақпараттық қоғамда алар орны және цифрлық технологияның кітапханаларға әсері, электронды кітапханаларға сұраныс жөнінде ойымен бөліскен.

Сондай-ақ, кеше, 14 сәуір күні ақын, мәдениет саласының үздігі, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық және республикалық айтыстардың жеңімпазы Мейірбек Сұлтанханмен «Кісіліктің кілті кітапта» атты онлайн кездесу өткізіп, ақын кездесу барысында қазіргі айтысқа байланысты өз ойын айтып, өлеңдерін оқып, көрермендердің онлайн сұрақтарына жауап берген.
Іс- шараны IT технология саласының маманы, ақпараттық жүйелер бойынша маркетолог, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Нұржан Жолдыбалинов жүргізді. Нұржан Нұржанұлы қазіргі таңда қазақстандық кітапхана алаңындағы түрлендірілген ақпараттық бренд болып саналатын Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы жасаушылардың бірі, дейді хатшы.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық электронды кітапханасы – ҚазҰЭК 24/7 режимінде қызмет көрсетеді. Порталды әлемнің 100-ден астам елінен пайдаланушылар қолданады және таңдаған құжаттарын онлайн түрде оқи алады. Порталға Ресей, АҚШ, Қытай, Түркия елдерінен пайдаланушылар көптеп кіреді. Одан басқа, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы ҚР Заңына сәйкес edd_nabrk@mail.ru электрондық поштасы арқылы кітаптарды электронды жеткізу мүмкіндігі бар. «Кітапханашыға сұрақ» виртуалды анықтама қызметі – барлық тақырыптық бағыттар бойынша ақпарат іздеуге байланысты ҚР ҰАК-ның қашықтықтағы пайдаланушыларына арналған онлайндық анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетеді. Аталған қызметтер күнделікті қабылданады және түскен ретімен 3-5 күнде орындалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ауқымды онлайн жобаларымен, қордағы сирек және құнды қолжазбалармен, Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасы мен Балалар кітапханасының онлайн жобаларымен таныстырып, кітап оқуды әлеуметтік желілер арқылы насихаттауды қолға алуда.

Дайындаған Зүбайра Тілегенқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз