Кентау қалалық «Ардагер» қоғамдық бірлестігі қазіргі таңда зейнеткерлер мен мүгедектерді құрметтеу үлкен қісілерге деген сыйластықтың жоғын көздерімен көріп, сезіп жүр. Ауылдарда  және қалаларымызда қоғамдық  автокөліктерде, дүкендерде, зейнетақы, жәрдемақы алатын картарды көреміз, олар да орын беру,  алтын уақыттарын  бөліп осындай кезектерде ұзақ тұруларына мәжбүр. Осы зейнеткерлер мен мүгедектерге деген құрметті жоғары түрде көрсете білуіміз керек-ақ. Қазіргі кезде Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер азайып, олар ауылда, қалада  қоғамдық көліктерде, дүкен, дәріханаларда тіпті көрмейміз, себебі олардың ең кішісі 90 жасқа келді ғой! Осы айтылған ұсынысымызды құлақ салып  тезарада іске кірісіп осындай абыройлы, қайымрымдылық істерді, халық болып бір кісідей ат салысыйық. Республикамыздың барлық аумағында қарттарды құрметтеудің ең бір оңтайлы жағы жергілікті газет, радио-телевидение арқылы үгіт- насихатты күшейтіп белсене кірісуіміз керек. Қарттар мен мүгедектерге арналған плакатты барлық қоғамдық  көліктерде, дүкен- дәріханаларда, базар,монша, қаржы банктерде жақсылап әдемі, сауатты жазып жоғары көрінетін  жерге іліп қою керек. Бұл  жеңілдікті барлық 63 тен асқан ер кісілер, 58 жастан асқан кейуаналарға және  мүгедектерге арналған болуы тиіс. Бұл ұсынымыз қәзіргі уақытта ауадай қажет. «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген мақалмен және біздер сендер секілді болғанбыз, сендерде біз сияқты боласындар сөзіміздің соңыңда. Аса мұқтаж әрі басты қайырымдылықтары істеу обал және сауапты білетін жаңдардың қолында. Ағайындар осындай сауапты істі қолға алайық!!!

А.Сапаров,

Кентау қалалық «Ардагер»

қоғамдық бірлестігінің президенті

 

 

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз