Eurosport: «Англияның FourFourTwo журналы соңғы 25 жылдағы үздік футболшылардың рейтингін жариялады. Тізімде «Барселона» клубы мен Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси көш бастап тұр. Ол — әлемде «Алтын доп» жүлдесін алты рет жеңіп алған жалғыз футболшы. Ал туриндік «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштану Роналду — екіші орында. Сұрмерген «Алтын допты» бес рет жеңіп алған. Үздік футболшылардың үштігін «Реал» мен «Ювентус» клубтары мен Франция құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Зинедин Зидан қорытындылады. Одан кейінгі орында бразилиялық сұрмерген Роналдо тұр. Шабуылшы «ПСВ», «Барселона», «Интер», «Реал» клубтарында доп тепкен. Рейтингтің бесінші сатысына көптің көзайымына айналған Роналдиньо жайғасқан. Ол «Барселона» клубы мен Бразилия құрамасында ойнаған. Алтыншы орынға Франция құрамасы мен «Арсенал», «Барселона» клубтарында доп тепкен Тьерри Анри жайғасты. Тізімнің жетінші-сегізінші сатысын Испания құрамасы мен «Барселона» сапында жасындай жарқылдаған Хави мен Андрес Иньеста бөлісті. Тоғызыншы және оныншы орында Италияның футбол аңыздары Паоло Мальдини мен Роберто Баджо тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз