ЖАҚСЫДАН БИ САЙЛАДЫҚ…

0
118
Біздің қазақта: “Елге бай құт емес, би құт”-деген аталы сөз бар. Жақсыдан би сайлаған халқымыз: “ Туғаны бар бидің турасы болмас, турасы бар бидің туғаны болмас”-деп адал-арам билердің де ара жігін ажыратып отырған.
Бүгінгі әңгімеме арқау қылып айтқым келіп отырғаны маңғаз Маңғыстаудың даласын мекен еткен, иманды болғыр Жары Мәтжән би.
Қасиетті маңғыстаудың даласынан қарадан хан да шыққан, жақсыдан би де шыққан. От ауызды, орақ тілді Жары Мәтжән би әділдігімен, тапқырлығымен қараша халықтың ішінде үлкен абыройға ие болған екен.
“Болар бала бесігінде бұлқынар”-демекші. Бала Мәтжән алғашқы үлкен дауға билік айтқанда алты жасар бала екен-дегенде ел ішінде аңыз бар.
Оқиға былай өрбиді. Елдің бір атқамінер азаматы бір ауылдың тұсынан өтіп бара жатып шөлдегесін сусын ішуге ауылдың шетіндегі үйге атының басын бұрады.
Шөлден еріні кезерген, аттың үстінде тұрған ел ағасына сусын алып берген сол үйдің бойжеткен қызы екен. Елдің ішінде қызды бүлдіріп кетті-деген қаңқу әңгіме тарайды.
“Балаға жолама бәлесі жұғады”-демекші. Ішкен сусыны өзіне бәле болып жабысқан әлгі атқамінер азаматтың басы дауға қалады. Даудың арты, дауға ұласады.
“Судан таза, сүттен ақпын”-деген абыройлы азаматтың сөзіне ешкім құлақ аспайды. Күннен-күнге дау ушығып бара жатады. Екі рулы ел жаға жыртысуға дейін барады.
Даудың алдын алмаса аяғы адам өліміне апара жатқанын сезген игі жақсылардың да қолынан ешнәрсе келмей қояды.
Қазақты бірлікке бастағанда, бүлікке бастағанда қашанда жермен жесір дауы екені сөзсіз.
Осы даудың барысында елдің игі жақсылары ортақ шешімге келе алмай абыр-дабыр болып жатқан тұста. Табалдырықтың тұсында отырған көп баланың ішінен алты жасар Мәтжан бала суырылып шығады.
Әй, ағалар! Бұл бітпес даудың тізгінін маған беріңдер-деген тұста, ел аңтарылып қалады. Әй, мынау бесіктен белі шықпаған бала қой-десе. Біреулері “Асыл тастан, ақыл жастан”-деген бала болса да тыңдайық мүмкін дана шығар-дейді.
Сонда бала Мәтжән тұрып, басы дауға қалған атқамінер азаматқа қарап, осы бойжеткен қызбен қатарлас ұлыңыз бар ма?-дейді. Иә қатарлас ұлым бар-дейді әлгі кісі. Сол балаңызға осы қызды алып беріп, келін қылар ма едіңіз десе.
Әрине айналайын! Мұндай келінім болса не арманым бар -дейді. Алты айға созылған ағайынның арасындағы дау, бала бидің бір ауыз тапқырлығымен шешілген екен.
Жаға жыртысқалы тұрған жұрт, құда-жекжат болып тарқасыпты. Сол тапқыр бала, болашақта елінің қамын ойлаған Жары Мәтжән би атаныпты.
Әруағыңнан айналайын! Иманды болғыр осындай аталарымыздың арқасында біз ел болдық. “Жақсыдан шарапат”-демекші осындай әділетті билеріміз елге шарапатын тигізіп, бірлігімізді бекем етті.

МАҚСАТ СҚАҚОВ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.