Сервистік әкімдік» серпіліске бастайды

0
174
✓Бүгін «Nur Otan» партиясы Байзақ аудандық филиалының ғимаратында орналасқан «Сервистік әкімдіктің» ашылу салтанатына қатыстым. Нысан жуырда толықтай күрделі жөндеуден өткен болатын. Мұнда «Рухани жаңғыру», «Baizaq adaldyq alany» жобалық офистері, аудан әкімдігінің ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, сәулет және құрылыс, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері, білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы, консалтингтік қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер шоғырланған. Осылайша аудан тұрғындары үшін бір орталықтан бірнеше қызмет түрін алуға мүмкіндік туып отыр.
✓«Сервистік әкімдіктің» ашылу салтанатына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Тулебаев, департамент жанынан ашылған ақпараттық ағартушылық штабының жетекшісі Қасымхан Төлендиев, Байзақ ауданының әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, сөз сөйледі.
✓Өз кезегімде «Сервистік әкімдікті» ашудағы басты мақсат-халыққа тиімді жағдай жасау, жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті арттыру, мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат беру екенін жеткіздім. Сонымен қатар 17 тамыздан партияішілік іріктеу-праймериздің басталғаны, Байзақ ауданы бойынша кандидаттарды тіркеудің осы ғимаратта жүргізіліп жатқаны туралы мәлімет бердім. Айта кету керек, қазіргі таңға дейін аудан бойынша праймеризге қатысуға 74 өтініш түсіп, 70 кандидат тіркелген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.