Конституция күні құтты болсын!

0
137

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні. Биыл Қазақстанның Ата заңының қабылданғанына 25 жыл толып отыр. Елдің ел болып қалыптасу, даму үрдісінде Конституция – мемлекеттің негізгі іргетасы.

Ата заң күні – мемлекетіміздің ең ұлық мерекелерінің бірі. Жалпыға бірдей міндеттелген Конституция заңдарын Тәуелсіз еліміздің барша азаматы білуі және бағынуы тиіс. Алайда, заң, құқық қорғау органдарының қызметкерлері болмаса, заңға қарапайым халық көп мән бере бермейтін секілді. Заң – мемлекеттің тұғыры. Сондықтан бәрі конституцияны білсе екен, соны өмірде өз қажеттеріне пайдалана алса екен деген тілегіміз бар. Ал мерейлі, мерекелі күні барша Қазақстандықтарды, Қазақ елінің Ата заң күнімен құттықтаймыз! Жылдан-жылға конституция күнін дүркіретіп тұрып тойлайтын күндерге жете берейік!

 

“Qazaqstan dauiri” газеті мен

“Мөлдір бұлақ” журналының ұжымы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.