Оралда «Арқанды саябақ» пайда болды

0
225

Орманды алқапта орналасқан саябақта тұрғындар емін-еркін демалып қана қоймай, түрлі спорттық жаттығулармен айналыса алады.

Саябақтың ашылу салтанатына қатысқан Орал қаласы әкімінің орынбасары Асхат Кулбаев бұл жердің шаһар тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналарына сенім білдірді. Ол өз сөзінде саябақты жасақтауға қазынадан қаражат жұмсалмағанын жеткізді. БҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы базасы аумағындағы орманды алқапты таңдаған қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бұл ұсынысы осындай нәтижелі іске мұрындық болған. «Бұл саябақтағы барлық жұмыстар жерлестеріне жанашыр азаматтардың күшімен жасалды» деді қала әкімінің орынбасары. Енді оны ұқыпты пайдалану, табиғатты ластамау – демалушылардың міндеті.

 

 

Табиғаты ерекше жасыл қалада пайда болған «Арқанды саябақтың» жалпы аумағы 7 гектарды құрайды. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Артур Шерғалиев атап өткендей, саябақта демалыс күндерінде туристік және спорттық жарыстар ұйымдастыру көзделуде. Спорттық туризмге арналған жеті кезеңді кедергілер орнатылған таза ауадағы демалыс орнында адамдар емін-еркін тынығып, спортпен айналыса алады.

Балалар туризмі саласында 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан ардагер-ұстаз Андрей Санатов «Арқанды саябақ» спорттың бұл түрінен көш бастап жүрген батысқазақстандық жеткіншектердің қатарын көбейтеріне сенім білдірді.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

«Qazaqstan dáýiri» газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.