Ұлттық ұланның әскери қызметкері батылдық танытты

0
148

Оралдағы 5517 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген Иса Нұрғалиев жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен ер адамға қажетті медициналық көмекті көрсетіп, батылдық көрсетті. Бұл жөнінде Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

 

Жол-көлік оқиғасы ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде кешкі уақытта орын алған. Бұл мезетте 5517 әскери бөлімі командирінің орынбасарыМельс Дулатбаев пен қатардағы Иса Нұрғалиев қызметтік көлікпен «Сұңқар» оқу орталығынан шығып қалаға бет алған екен. Олар әуежайға жақын маңда орын алған жол-көлік оқиғасының куәсі болады. Жедел жылдамдықпен жүйткіген «Ваз-14» маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі темір тұлпарын тізгіндей алмай, бірнеше мәрте аударылып түседі. Жол апатына ұшыраған жүргізуші сыртқа шыға алмай, көліктің ішінде жаншылып қалған. Осы оқиғаны көздерімен көрген әскери қызметкерлер бірден жәбірленушіні құтқаруға ұмтылып, оны сау тамтығы қалмаған көлік ішінен асқан ұқыптылықпен шығарады. Арнайы қызмет пен жедел жәрдем көлігі келгенше әскери бөлімнің медициналық бекетінің аға маманы Иса Нұрғалиев жәбірленушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, азаматтық танытады.

«Экстремальды жағдайда батыл әрекет жасап, адам өмірін құтқаруда кәсіби біліктілігін көрсеткен қатардағы Иса Нұрғалиев «Батыс» өңірлік қолбасшылығының құзырына марапатқа ұсынылды» деді Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің басшысы, подполковник Ерболат Сұлтанов.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

«Qazaqstan dáýiri» газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.