Үнемделген қаржы игерілуде

0
79

Орал қаласында жол саласында үнемделген қаражат мақсатты түрде игеріліп, өзге де көше жолдарын жөндеуге жұмсалуда.

Сөзімізге дәлел келтірсек, облыс орталығындағы Момышұлы көшесін жөндеу жұмыстары барысында жобадан үнемделген қаржы өз орнын тапқан. Аталған жоба құны – 92 миллион теңге, ал жөнделген жолдың ұзындығы – 770 метр. Қазіргі таңда осы жобадағы жұмыстардан үнемделген 30 миллион қаражатқа ұзындығы 500 метр болатын Ақбұлақ көшесі жөнделуде.

 

 

– Ақбұлақ көшесінде бұған дейін қатты төсем болған жоқ. Көктем мен күзде жаңбырлы ауа райында жер лайсаңға айналады.  Күні бүгін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында қолға алынған 31 жобаның 25-інің негізгі жұмыстары аяқталды. Яғни жолдарға асфальт төсеп болдық. Енді жол белгілерін орнату ғана қалды. Қалған жобалардың жұмысын жеделдетуге тырысудамыз, – деді Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Аслан Даубаев. Айтуынша, облыс орталығындағы Самарқант, Елецкая, Винермана көшелерінің жолдарын жөндеу жұмыстары да үнемделген қаржы көзінен жүзеге асырылған.

 

 

Тағы бір айта кетерлігі, қала аумағындағы Деркөл кентіне қарасты Сарыарқа шағын ауданында тұрғындардың өтініштеріне сәйкес жол жөндеу жұмыстары басталды. «Бұл жобаны мердігер мекеме «Уральскводстрой» АҚ қолға алды. Ағымдағы жылы аталған шағын аудандағы екі-үш көшенің жолдарын жөндеп, қалған көшелерге кезегімен жол төсеу жұмыстары жоспарлануда. Жалпы алдағы уақытта аталған аумақта 48 көшенің 44 шақырымды құрайтын жолдарын жөндеу көзделіп отыр» деп хабарлады Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

Батыс Қазақстан облысы

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.