Максим Рожин: Төлқұжатқа ұлтты өзгерткеннен ештеңе ұтпаймыз!

0
145

– Қандай ұсыныс болсын оның орынды не орынсыз екенін көрсететін бір ғана сипаттама бар. Ол ұсыныстан не өзгереді? (Қарапайым тілмен айтқанда ол ұсыныстан халыққа, елге, азаматқа, өзіңе не пайда?).

Енді соңғы күндері көптеген азаматтар төлқұжатымда ұлтты өзгертсем, қарсы емес екенін, тіпті «сен өзгертсең рұқсат» деп жазып жатыр. Оған қарсы ойлар да айтылып жүр, бұл орынды деп ойлаймын. Барлықтарыңызға рахмет, біріңізге сенім үшін, басқаларға ашық ойлары үшін!

Осы сәтте барлығымыз бір сұраққа жауап іздейікші: ұлтты төлқұжатта өзгертсек, не өзгереді? Нақты тізіп берсеңіздер. Елде, халықта, қазақ даласын мекендеген әрбір азаматта не өзгеріс болады? Егер мен шатассам, айтыңыздар.

Ал меніңше өзгеріс болмайды. Қазақ тілін білмейтіндер қазақша сөйлеп кетпейді, жемқорлар жойылып кетпейді, экономика қарқынды дамып кетпейді, теңге бағамы доллармен тең болып кетпейді. Солай ма? Ал олай болса, популизмді ысырып тастап, елге пайдалы ұсыныс жасайық.

Рахмет, орыс болып жүріп туған жерімді құрметтеп жүре берсем рұқсат шығар? Көбіміз Жаратушының берген ұлты мен патриотизмді шатастырған секілдіміз. Мойнымызға Жаратушының ісін емес, адамның қолынан келетін, елге пайдалы дүниемен айналысайық.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.