Аққуларды мұз құрсауынан құтқарды

0
110

Батысқазақстандық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары облыстың Жәнібек ауданы маңындағы су қоймасынан мұз құрсауында қалған жабайы аққуларды алып шықты.

Бұл жөнінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ағымдағы жылдың 18 қарашасында төтеншеліктерге облыстағы Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасарынан жедел хабар түскен. Айтуынша, Жәнібек ауылының солтүстік-батыс жағындағы су қоймасының беткі жағында жабайы аққулар мұзбен бірге қатып қалған. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, құстар таңертеңгі уақытта мұзға жабысып қалған. Олардың айналасындағы мұзды жарғанмен, аққуларды алып шығу мүмкін болмаған. Ал түнге қалса, олардың тоңып, мұзға жабысып өліп қалу қаупі болғандықтан, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Оқиға орнына жедел жеткен БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ” ММ-нің №21 өрт сөндіру бекетінің құтқарушылары киелі құстарды құтқарып қалған.

«Қазіргі уақытта құстар Жәнібек ауылы тұрғынының жылы қорасына жеткізіліп, орналастырылды. Жабайы аққуларды көктемге дейін үй-жайға орналастыру мәселесі шешілетін болады» деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

«Qazaqstan dáýiri» газетінің

БҚО бойынша меншікті тілшісі

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.