Шошқа «коммунасы», қазақ жерінен тайып тұр!

0
356

Ақтөбенің іргесіндегі Есет әулие бабамыздың жатқан жерінен тым алыс емес орналасқан «Париж коммунасы» шошқа фермасынан тағы да шу шықты. Бұл жолғы шу бүкіл республиканы дүр сілкіндірді. Бұрын журналистер, арагідік қоғам қайраткерлері, тіпті біздің газетіміз де шу шығарғанда шыбын шаққан құрлы көрмейтін фирманың қожайындары бұл жолы қатты састы.

Бұл ұлан-асар шуды талпақ танаулардың өлекселерінен, фирманың өзінен шыққан сасық иіске талай жыл тұншыққан Бестамақ ауылының тұрғындары шығарды. Бәрекелді-і! Анау-мынау қыспаққа олар дес бермей қасқайып тұрды да, кесімді шешімін айтты: «Кетсін! Әйтпесе өртейміз!» Қалың ел қолдады оларды. Арнайы комиссия құрылды. Облыс әкімі де фирманың құрылтайшысына өз талабын қойды: «Я біржола кетесіңдер, я төрт-түліктің бірін бағасыңдар!» деді. Халық пен билік осылай бірікті. Оншақты күнде сот шешімі шығады. Бұл жолы кім жеңеді екен? Қазақ па, әлде…

Ертай Айғалиұлы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.