Жуырда “ҚазАқпарат” Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйым өкілдіктерінің басшыларымен дәстүрлі кездесуін өткізгендігін хабарлады. «Бүгін Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар басшыларымен жылда өткізілетін дәстүрлі кездесуімізді өткізгелі отырмыз. Дегенмен қазіргі шараның орны ерекше деп санаймын. Осыдан дәл 25 жыл бұрын мен қазақстандық дипломатиялық қызмет құру туралы Жарлыққа қол қойып, Қазақстанның сыртқы саясат жүйесін тағайындаған болатынмын. Біз қиын жағдайда, жоқ жерден жаңа дипломатиялық жүйе құрып, өз елшілеріміздің дүниежүзінің елдерінде тағайындау мүмкіндігін алдық. Енді міне ширек ғасырдан кейін отандық сыртқы саясат қалыптасты. Ол елдің игілігіне жұмыс істеп жатыр деп айта аламыз. 2 шілде «Қазақстанның дипломатиялық қызмет күні» деп аталатын ерекше мерекеге айналды. Осыған байланысты мен Қазақстан дипломаттарын шын жүректен осы мерекемен құттықтаймын. Істеген жұмыстарына алғысымды білдіремін», — деді кездесуді ашқан Қазақстан Президенті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз